Палестина басшысы Махмуд Аббас Газада премьер министр Исмайл Ханияның көлігіне шабуыл жасалғанына өкініш білдірді. Хамас тобы Аббастың жеке президенттік қызметін Ханияға қастандық жасамақшы болды деп айыптаған. Бейсенбі күні Мысырдан Газаға келе жатқан премьер министр Ханияның көлігіне қарсы болған атыста оның оққағары қаза тауып, баласы жараланған.