Хабарларға қарағанда, Құрама Штаттар билігі соңғы аптада 1995 жылғы Босниядағы соғыста Сребреница қырғынына қатысты деген 26 босниялық сербті қамауға алған. "The Washington Post" басылымы жазып отырғандай, күдіктілер АҚШ-тың сегіз қаласынан ұсталған. Олар БҰҰ-ның халықаралық қылмыстар жөніндегі Гаага сотының сұрауымен қамауға алынып отыр.