Малики әскери басшылықты өзара мәмілеге шақырды

Ирақ бас министрі Нури ал-Маликидің бұрынғы президент Саддам Хұсейн кезіндегі әскери басшылықты қазіргі жаңа армияға тарту жөніндегі мәлімдемесін АҚШ қолдап отыр. Ал-Малики бұл жөнінде Бағдадтағы ұлттық келісім конференциясы кезінде айтты.

– Сонымен, жаңа Ирақ армиясы өзінің бұрынғы әріптестеріне өз есігін ашып отыр. Ұлттық бірлік үкіметі кәсіби деңгейде ел үшін қызмет етпек әскерлерді өзара қосылуға шақырады, - деді Ирақ бас министрі.

АҚШ-тың 2003-жылғы басқыншылық соғысынан кейін коалициялық уақытша үкімет Ирақтың бұрынғы армиясын таратып жіберген болатын.