Палестинада мерзімінен бұрын сайлау өте ме?

Палестина президенті Махмұд Аббас билікшіл Хaмас қозғалысымен өзара саяси дағдарысты шешу мақсатында мерзімнен бұрын президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу қажет дейді. Теледидар арқылы айтқан мәлімдемесінде Махмұд Аббас:

– Мен парламенттік және президенттік сайлаулар өткізуге шақырып отырмын, - деді.

Бірақ Хамас жетекшілігіндегі Палестина үкіметі президент Аббастың бұл ісін заңды үкіметке және Палестина халқының тілек-арманына қарсы арандату әрекеті дейді. АҚШ және Британия Аббастың ол ұсынысын дұрыс шешім дейді. Ресей болса саяси бәскелес тараптарды өзара мәмілеге шақырады.