ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін таңертең қарақшылар Палестина президенті М.Аббастың күзеті қызметінің Газа аймағындағы жаттығу базасына шабуыл жасап, одан бір адам қаза болып, бірнешеуі жараланды. Бұл қастандық үшін бар жауапкершілік Автономия үкіметінде отырған “Хамас” ұйымына жүктелді. “Хамас” ұйымы М.Аббастың кезектен тыс президент және парламент сайлауын өткізу ниетіне қарсы шыққан болатын. Кезектен тыс сайлауды өткізу үшін М.Аббас бүгін Орталық сайлау комиссиясымен кездесті.