Ирақта Қызыл Крест комитетінің 20-дан асатын қызметкері кепілдікке алынды

БАҒДАД: Жексенбі күні 20-дан асатын қызметкерінің ұрлануы салдарынан Ирақтың Қызыл Крест және Жарты Ай комитеті Бағдадтағы жұмысын доғарды. Ирақтың Қызыл Крест комитетінің басшысы Мазин Абдулла ұйымның Бағдад орталығындағы кеңсесіне кеше шабуыл жасаған қарақшыларды кепілдікте отырған комитет қызметкерлерін дереу босатуға шақырды. Халықаралық Қызыл Крест және Жарты Ай комитеті де осындай үндеу жолдады.