Сонымен, өтіп бара жатқан 2006-жылдың саяси әлемдегі қорытынды нәтижесінен байқалып отырғанындай, американдықтар өз президенті Буштың жұмысына көңілдері толмайды екен. Бұл орайда оппозициядағы Демократияшылар партиясы жетекшісі қарашадағы сайлау бітісімен-ақ былай деген болатын.
- АҚШтың Ирақтағы соғысынан кейін американдықтар жаңа бағыт қажет деген тұжырымға келе бастағандығы шындық. Президент Бушпен біз міне осы мәселені іске асыруымыз керек. Ал бұрынғы бағыт өз мәнін жоғалтты. Бұл жолмен ел қауіпсіздігін сақтай алмаймыз. Бұдан АҚШ әскерлеріне де абырой жоқ. Біз бұл апатты жолдан бас тартпасақ болмайды, деген болатын қыз-келіншектерден алғаш демократиялық партиядан өкілдер палатасының төрайымы болып отырған Нәнси Пелоси ханым.
Сенаттағы демократиялық партия жетекшілерімен бірігіп Пелоси Ирақ соғысы және нашарлаған экономикаға байланысты президент Бушпен шайқасуға бел байлап отыр. Бірақ әзірше Дж.Буш өзінің жеңілгендігін мойындамай демократтар жетекшілігіндегі Конгресспен қызметтес боламын дейтін көрінеді.
Ал Конгресстегі республикашылардың соңғы 12 жылдағы үстемдігінен кейін олардың неге жеңіліске ұшарығандығына саяси жетекшілер мен талдаушылар бір қатар себептерді айтып жатқан кезде президент Буш Ирақтағы қиыншылқтарды алға тартып былай дейді.
– Рас, бұл сайлауда Ирақ факторы көп рөл ойнады. Бірақ бұл орайда басқа да себептер бар. Халық әдетте, Конгресстің, конгрессмендердің әділ және әдепті болуын қалайды. Бірақ дегенмен, жұрттың көз алдында алдымен Ирақ тұрды, деп ақталады АҚШ президенті.
Дегенмен, көптеген талдаушылар Буш командасының бұл жеңілісін ел экономикасымен байланысытырады.
2001-жылғы қыкүйектің 11-індегі АҚШтағы террорлық шабуылдардан кейін Буш әкімшілігі Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстар үшін орасан мол қаржы жұмсады. Қорғаныс саласындағы Үкіметтік қарыз барынша ұлғайды. Дәл осы кездегі АҚШтық ұлттық ішкі қарыз 8 триллион 600 млд доллар болып тұр. Бұл Дж.Буш осыдан 6 жыл бұрын президенттікке келген кезбен салыстырғанда 50 пайыз артық қарыз көрсеткіш екен. Міне енді соның салдарынан сауда-саттық та шайқалып шет елдік инвесторлардың АҚШ экономикасына және долларға деген сенімі азая бастады. Әсіресе АҚШ долларының Еуромен салыстырғанда құны төмендей түсе бастады.
Ал конгресстік сайлауға дейін республикашылар салықты қысқарту және сауда келісімі нәтижесінде экономикалық дағдарыс тоқтап, млндаған жұмыс орны ашылды деп бөскен болатын. Бірақ оған сайлаушылар сене қоймады.
Халық Бушқа қалай сенүге болады деген сұрақты төтесінен қойды. Нью Орлеандағы құйынды дауыл салдарын, берген уәдесіне қарамай, дер кезінде реттей алмағындығы Бушқа үлкен соққы болды. Ол апат үшін Федералдық бюджеттен жәрдем болады деген Бушты сөзіне сенген халық арадан бір жыл өткенде оның құр уәде екендігіне көздері жетті.
Бұл орайда, АҚШтағы Вирджиния университетінің Саяси мәселелер орталығы директоры Ләрри Сабатоның айтуынша, Нью Орлеандта болған Катрина құйыны апатындағы Буштың сөзі мен әрекеті арасындағы алшақтық оған соққы болып тиген.
- Президент Буш Катрина жағдайында өз ісіне тиянақты, табанды, жетекші емес, керісінше қажетті кезде дұрыс іс жасай алмайтын жетекші екендігін байқатты. Міне енді, Буш тек қана боранды құйын соққан Луизиана және Миссисипи штатында ғана емес бүкіл Америкадағы абыройын жоғалтып отыр, дейді АҚШтық талдаушы.
Катрина мәселесіне Ирақтан әсіресе соңғы жылы күн сайын келіп түсіп жатқан жаман, үрейлі хабарлар Буштың ел арасындағы абырай-беделін одан сайын төмендете берді.
Міне енді жұрттың көкейінде, Буш 2001-жылғы шешімді, өжетті жағдайына қайта келе ала ма? деген сауал тұр. Ал ол сауалға енді 3 жарым жылға жалғасып нәтижесіз қалып отырған Ирақ соғысы сынағы ғана жауап бере алар.
Ал бұл арада, Конгресстегі билікті өз қолына алған демократтар Ирақ бойынша тығырықтан шығар жолды талап етеді. Сондай-ақ, жоғары деңгейлі комиссия - Ирақты зерттеу тобы да, бұл орайда, Буш алдына бір қатар ұсыныс, талаптарын қойды.
Ал президент Буш болса, өз Жаңа стратегиясын жариялауды алдағы қаңтарға дейін қалдырып отыр екен.