Қырғызстан Парлементі Жаңа үкімет құрамын талқылауда

Қырғызстан Парламенті Үкіметтің өз қызметінен кеттік деп жариялауына байланысты бүгін сәрсенбіде төтенше жыйын өткізіп жатыр. Парламент төрағасының орынбасары Исабековтың айтуынша, депутаттар енді президент Бақиев ұсынған жаңа кабинет мүшелерінің кандидатуралары бойынша талқылау өткізбек. Өткен айда қабылданған Жаңа Ата заңда Жаңа үкімет жөніндегі арнайы бап бар.