Ирақтағы соғыстың шығыны 110 млрд.-тан асып 127 млрд. долларға жетуі мүмкін

ВАШИНГТОН: Ақ үйдің Бюджет комиссиясының төрағасы Роб Портманның мәлімдеуінше, қазан айында басталған жаңа бюджет жылында АҚШ-тың Ирақтағы соғыс қимылдарына жұмсайтын шығындары 110 млрд. доллардан да асуы мүмкін. Портманның кеше атап көрсеткеніндей, шығындардың нақты көлемі әлі толық анықталмаған. Хабарларға қарағанда, Пентагон соғыс шығындарына кем дегенде 127 млрд. доллар сұрайтын тәрізді.