БІШКЕК: Кеше Қырғызстан президенті Құрбанбек Бәкиев премьер-министр Ф.Құлов бастаған үкіметтің кетуін мақұлады. Ф.Құловтың өзі мәлімдегендей, үкімет жаңа конституцияның нормаларына сәйкес таратылып отыр. Жаңа үкіметті парламент сайлауында басым дауыс жинаған саяси партия жасақтауға тиіс. Қырғыз парламенті – Жогорку Кеңеш - өткен жылдың жазында сайланған болатын. Бірақ партиялық тізім бойынша сайланған жоқ. Сол себепті саяси оппозиция кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді талап етіп отыр.