Қазақстан қалаларында 2006 жылы электронды үкімет жобасы шеңберінде 460 электронды дүңгіршек орнатылды. Бұл туралы Астанада желтоқсанның 20 күні Ақпараттандыру және байланыс агенттігі департаментінің бастығы Әсия Жайлаубаева хабарлады. Бірақ оның айтуынша әрқайсысының құны кем дегенде 2 мың доллар тұратын электронды дүңгіршектер қаржы тапшылығына байланысты әзірге елді мекендерде орнатылмайды. Қазақстан жұртшылығының өкілдері болса компьютер мен телефон байланысы жоқ адамдардың көбі ауылда тұрады деп отыр.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі департаментінің бастығы Әсия Жайлаубаеваның айтуынша биыл қоғамдық пункт аталған 460 электронды дүңгіршек алынған. Келесі жылы тағы 750 алынады. Олар компьютері жоқ шалғайда тұратын адамдарға арналған, дейді ол:
2006 жылы интернет кеңістігінде электронды үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы лицензия, салық және кеден декларацияларын тарату басталған. Қазақстандағы софторлық компаниялар қауымдастығының атқарушы директоры Жұмат Әлимовтың айтуынша жобаны жүзеге асырушылар енді сөзден іске көшеді:
- Былтыр негізгі бастаушы кезең болды. Ал, 2006-2007 жылы бұл практикалық орындау жылдары. Енді электронды үкімет негізі бұл халыққа қызмет көрсету. Керекті ақпарат құжат алу деген сөз. Бұл осы шенеуніктердің артынан жүгіріп көп күндер кезекте күту емес.
Сарапшылардың пайымдауынша қазір Қазақстандағы мемлекеттік органдардың ақпаратттандыру жұмысының негізгі проблемасы әр түрлі мекемелердің өзара ақпарат алмасуының аздығы. Осылайша, бір бірін қайталайтын жүйелер пайда болған, дейді мамандар. Ал, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі департаментінің бастығының орынбасары Азиза Шужееваның айтуынша электронды үкімет порталына кірген тұрғындар белгілі бір мәселемен қайда баратындығы жөнінде мағлұмат алады. Және сайтта бланк құжаттары бар оны басып шығарып толтыруға мүмкіншілік жасалған, дейді ол.
Ал, Астаналық кәсіпкер Ербол Омаровтың айтуынша электронды үкіметтің пайдасы мол, бірақ, қазір ол шолақтау, дейді ол:
- Мен өзі кәсіппен айналысқаныма көп болған жоқ. Содан бері электронды үкіметтің пайдасын көре бастадым. Әуелде салықты қағаз бюлеттеньдер арқылы декларацияны тапсырып жүрдім. Онда күні бойы кезекте тұрып әзер деп өткізесің. Ал бір айдан бері тоқсандық есептердің бәрін электрондық хатпен жіберем. Өте қолайлы. Бірақ, бізде интернет желісін пайдалану өте қымбат. Екінші жағынан ауылдағылар бұл қызықты көре алмай жатыр. Қазір онда телефон желісі қалыптаспаған интернет түгілі.
Бұған дейін Қазақстан ауылдарының 88 пайызының мектептерінде компьютерлік сыныптар бар, оларды жүйеге қосу мүмкін деген ақпарат болған. Енді Ақпараттандыру және байланыс агенттігі департаментінің бастығы Әсия Жайлаубаеваның айтуынша елді мекендерге жету әзірге көзделмеген. «Қазақстандағы ауыл санын елестетеіп көріңіз, біздің ақшамыз жетпейді», деді ол.
Сыншылар болса электронды дүңгіршекте компьютер болғанымен оны танитын адамдар аз деп отыр. Ақпараттандыру және байланыс агенттігі департаментінің бастығының орынбасары Азиза Шужееваның айтуыншада қазақстандықтардың тек 5 пайызы компьютермен жұмыс істей алады және тек 4 пайызы интернет кеңістігіне кіре алады.
Ресми мәлімет бойынша веб-порталдағы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде беріледі. Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамының өкілдері хабарлағандай қазір 37 мемлекеттік орган яғни министрліктер, агенттіктер, банктер сияқты мекемелер, халыққа қажет ақпаратты ортақ порталға орналастырып келеді. Жыл соңына дейін порталға ұлттық компаниялар кіретін «Самрұқ» және «Қазына» ұлттық холдингтері қосылады деп хабарланды.