БЕЖИН: Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Қытайға 4 күндік мемлекеттік сапары әрі қарай жалғасып, Қазақстан мен Қытайдың Гонгконг қаласы арасындағы тұрақты әуе қатынасының ашылуы рәсіміне қатысу үшін бүгін осы қалаға баруға тиіс. Кеше Н.Назарбаев Бежинде Қытай лидері Ху Цзиньтаомен келіссөз өткізді. Қазақстан мен Қытай лидерлері екі жақты бірнеше келісімге, оның ішінде қазақ-қытай шекарасы туралы және Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын пайдалану туралы құжаттарға қол қойды.