КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның батысындағы Герат қаласының полиция бастығына қарсы қойылған жол бойындағы бомбаның жарылысынан 4 бейбіт тұрғын құрбан болды. Оңтүстік-шығыстағы Хост облысында полицияның автокөлігі базарда бомбаға жарылып, 3 полицей қаза тапты. Соңғы кезде Ауғанстанда Талибан қозғалысы қайта бас көтеріп, қантөгіс көбейді. Тәліптерге қарсы НАТО күштерінің Кандагар облысында жүзеге асырған соңғы операциясының нәтижесінде 50-ге жуық тәліптің көзі жойылды.