Иранға қатысты Қарардың жобасын талқылау әлі де жалғасады

НЬЮ-ЙОРК: Ресейдің БҰҰ-ындағы елшісі Виталий Чуркин Иранды оның ядролық бағдарламасы үшін жазалау мүмкіндігі қарастырылған Қарардың өзгертілген жобасы әлі көп өзгеріс енгізуді талап етеді деп мәлімдеді. Америка Құрама Штаттары мен осы жобаны ұсынған Еуропа Одағының жетекші 3 елі оған жұма күні дауыс беріле ме деп үміттенген болатын. Бірақ Ресей елшісі В.Чуркин Қарардың жобасын әлі көп талқылап, сенбі күні дауысқа қоюға болатынын атап көрсетті.