Қазақстанның билікке жақын «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялары президент Назарбаев төрағалық ететін ең ірі «Отан» партиясына ресми түрде қосылып партия мүшелерінің саны 1 мллион адамға жетті. Бұл туралы Астанада желтоқсанның 22 күні «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде хабарланды. Отанға қосылған партиялардың мүлкіде осы партияға көшеді. Осы съезде іріленген партия атауын өзгертіп «Нұр Отан» аталатындығы белгілі болды. Бірақ, партия атауын өзгертуге қарсы болғандар да болды.
«Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша «Отан» партиясының КПСС пен ортақ ешнәрсесі жоқ. Партияның күшейюі оппоненттеріміздің сынына түсіп, наразылығын тудыруы мүмкін. Олар «Отанды» КПСС-пен салыстырып, саналы түрде жаңылыс тудыруда. Оған ешқандай негіз жоқ, деді ол. Ал, жиынға қатысып есімін жасырған делегаттардың айтуынша «Отанға» өзге партиялар қосылып жатқанымен олардың төрағалары арасында билікке деген талас байқалады. Ал, «Азаматтық» партиясының бұрыңғы төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша «Отан» қоғамдағы көп пікірліктің кепілі болу керек деді ол.
«Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов болса егер де партия мүшесі сайлауларға партияның қолдауынсыз өз бетінше түскісі келсе, онда ол алдымен партия қатарынан шығу керек, деді. «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев осы сияқты өзгерістер енгізілген іріленген партияға таң қалатындығын жеткізді:
- «Отан» партиясында қазір мәжілісте 90 пайыз, дейді. Қасымдағы кісілер айтып отыр бұларда резерв бар екен, 100 жеткізу керек, дейді. Жаңа төраға айтып кетті, барлық заңдардың жобасы партия бюросында қаралу керек екен. Онан кейін парламентке түседі. Ол не болады? Екіншіден, партияның атын партия төрағасы президентпен келісілді ме, келісілмеді ме? Мен оған күмәндімін.
Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша «Отан» атын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданды. Бұл атау - ел лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясы ретінде қабылдануының нышаны болмақ, деді ол. Ал, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан партия атауын өзгертудің қажеті жоқ деген пікірін білдірді:
- «Нұр» үлкен сөз, «Отан» үлкен сөз, екеуі қосылған кезде жақсы ойыншылар қосылған кезде футбол командасының әлсірегені секілді сөздің жүгі әлсірейді. Әлемге «Отанның» аты шығып қалды. Енді атын өзгертудің қаншалықты қажеті бар?
Бақытжан Жұмағұлов бұл пікірмен келіспейтіндігін жеткізді:
- «Нұр» деген сөз бұл тек елбасының атымен байланыстырып отырған жоқпыз. Нұр жауған ел деген сөз бар. Осындай ұсыныстар. Әсіресе тіл мамандарымен көп әңгімелестік, өте жарасып тұр, - деді.
Әрмен қарай жиын өтіп жатқан сахнаға Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Кисилев шықты. Кисилевтың айтуынша партия атауын өзгерту партияның жаңа бағдарламасын қабылдамай тұрып жасау ерте.
«Отан» мүшесі Өмірзақ Сәрсеновқа мүлде сөйлеуге рұқсат етілмеді.
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева атауға байланысты талқылау неге болмады деген сұраққа былайша жауап берді:
- Атаудың өзіне талқылау болды. Съездің ең қызықты жері сол болдығой. Депутаттар арасында талқылау аз болған да шығар. Қайда асығып бара жатқанымызды өзім түсінбеймін.
Қазір Қазақстанда ресми түрде 12 партия тіркелген.