Грузия үкіметі кеше Ресей мемлекеттік монополиялық "Газпром" компаниясымен келісім жасады. Келесі жылдан бастап Грузия бір мың текше метр газға 235 доллар төлейді, деді "Газпром" өкілі. Грузия газды әзірше 110 доллардан алады. Грузия бас министрі Зураб Ноғайдели дегенмен газды болашақта негізінен Әзірбайжаннан алуды көздеп отырмыз, әзірше Әзірбайжан газ кеңорында "кейбір техникалық себептер" кедергі жасап отыр деді. Грузия Ресейден келесі жылы 1 миллиард 100 миллион текше метр газ сатып алмақ.