Ресейдің Грузияға сатылар газы екі есеге қымбаттап, 235 доллар болмақ

Гүржістан жаңа жылдан бастап Ресей табиғи газын екі есе қымбатқа сатып алатын болды. Ресейден келетін 1 мың текше метр газ грүзиндер үшін енді 235 доллар тұрады. Ал Газпромның бұл мәлімдемесінен алдын Грузия Ресейдің орнына Азербайжаннан газ аламыз деп жариялап қойған болатын. Бірақ күні кешегі келісімнен кейін Грузия бас министрі Ноғайдели Азербайжан алдағы жылдың жартысына дейін қажетті мөлшердегі газбен бізді қамтамасыз ете алмайды деп мойындады.