ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль үкіметі Палестина автономиясының 100 млн. долларды құрайтын салық түсімін босату туралы шешімді бірауыздан мақұлдады. Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт хабарлағандай, оның тек қайырымдылық мұқтаждарына жұмсалуына кепіл болуы үшін бұл қаражат Автономия төрағасы М.Аббастың аппаратының арнайы есеп-шотына аударылады. Э.Ольмерт пен М.Аббас сенбі күні болып өткен өзара келіссөзінде осындай келісімге келді.