ТЕҺРАН: Иран өзінің Натанцтағы ядролық кәсіпорнына уранды байытуға қажетті 3 мың центрофуга жабдығын орнатуға кірісті. Мұндай әрекетін Теһран БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған Қарарына жауап есебінде бастап отырғанын мәлімдейді. Одан 1 күн бұрын Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан уран шикізатын байытудан бас тартпағаны үшін Иранға жаза қолдану туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл Қарардың жобасын Ұлыбритания, Франция және Германия бірге ұсынды.