Алматыда бұзылуы тиіс үйлер үшін құрылыс компанияларының берген төлемақысына келіспеген 30 шақты жер үй иелері әділдік іздеп президентке де хат жазып, сотқа да жүгініп, енді бұқаралық ақпарат құрал өкілдерінен көмек сұрап жүр. «Мұндай дау қызу құрылыс алаңына айналған Алматы үшін үйреншікті болып қалса да, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық азаматтардың өз құқықтарын қорғауды қиындатып отыр» дейді тұрғындардың арашашысы болып жүрген заңгер Василий Резван.
Алматыда жер қымбаттағалы жер дауы үлкен мәселеге айналғалы қашан. Көп жағдайда тұрғындар не өзара ымыраға келіп, не сот арқылы құрылыс компанияларын тиесілі төлемақыны төлеуге міндеттейтін. Ал бұл жолы құрылыс компания басшылары тіпті сотқа да баруды жөн деп санамапты.
- Олар біздердің яғни заңгерлердің табыс етпекші болған сотқа шақыру қағаздарымызды да алмай қойды. Себебін олар бізге түсіндірмей отыр. Соған сіздер телеоператорлар бізбен бірге жүрсеңіздер, біз оларға сіздердің көздеріңізше тағы табыстауға тырысар едік. Мүмкін олар сіздерден жасқанар, - дейді жәбірленушілердің жақтаушысы заңгер Василий Резван.
Мәселенің мән-жайы Алматыдағы Абай даңғылының бойына жақын маңдағы 30-ға жуық тұрғындар бұзылуы тиіс өз үйлері үшін құрылыс компанияларының ұсынып отырған тиесілі төлемақы мөлшерімен келіспей отыр. Сол тұрғындардың бірі Асанбек Садырқұловтың айтуынша:
- Мен Абай мен Түркебаев көшелерінің қиылысына жақын жердегі, Түркебаев 236-2 деген адресте тұрамын. 4,3 сотық жеріміз бар. 3 бөлмелі үйімнің ауданы 55 шаршы метр. Ал бізге құрылыс компаниясы 140 мың доллар. Оған біз келіспей сотқа жүгініп отырмыз. Ал сот сараптамашысы нарықтағы бағаны ескере отырып 246 мың долларға бағалады. Неге келісеміз, бізге жақын маңдағы тұрғындарға «Дамель» фирмасы соткасына 84 мың, ең аз дегені 74 мың доллардан беріп отырса. Әрине, ол жердегі үй иелері тез арада үйлерін босатып берді. Ал біз неге бұлардың алдауына көнуіміз керек? Соттасамыз, одан болмаса президентке тағы хат жазамыз, одан болмаса шетелден араша іздеп, көшу мәселесін қараймыз. Неге десеңіз, өз еліңде араша таппасаң не істемексің? - дейді Асанбек Садырқұлов.
Оқиғаның бұлай өрбуі құрылыс компанияларының таңдаған бағалаушылары жемқорлыққа бой алдырғанынан дейді Қазақстан Республикасының бағалдаушылар палатасының мүшесі Борис Гузев.
- Бәрі жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Тіпті, тендер арқылы таңдалған бағалаушылар болса да, олардан ең алдымен төмен бағаға бағалауды талап етеді. Сондықтан азаматтардың бұзылған тұрғын үйлері төмен бағаланады, - дейді.
Осы мәселелермен құрылыс компанияларға телефон шалғанымызда «бәрін алдағы сот шешеді» дегеннен басқа мардымды жауап ала алмадық.