Иранның ядролық мәселесі бойынша бас уәкілі Әли Ларижани Натанз зауытында 3 мың центрифуганы орналастыру жұмыстары басталды деп мәлімдеді. Ал президент Махмұд Ахмадинежад Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға санкция енгізу жөніндегі қарарын жоққа шығарды. Бұл шаралар Иранға зиян келтірмейді, әлем елдері ядролық Иранмен бірге өмір сүруді үйренуі керек, деді Ахмадинежад.