ТЕЛЬ-АВИВ: Кеше Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт армияның Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 27 күзет постын жабуға рұқсат берді. Осы күні Израиль жауынгерлері “Халық қарсылығының комитеті” ұйымының лидері Ясир Ән-Наззальді және “Ислам джиһады” тобының 2 мүшесін қолға түсірді. Осы 2 ұйымның жасақтары да Газа аймағынан Израиль жерін зымырандармен үнемі атқылап келеді.