МИНСК: Кеше Ресейдің “Газпром” компаниясы егер Беларуссия газдың жаңа бағасы туралы өзінің талап-шартына келіспесе, келесі жылдың қаңтарынан бастап газсыз қалуы мүмкін деп ескертті. “Газпром” компаниясының арнаулы өкілі Сергей Куприяновтың сөзіне қарағанда, қазіргі келісім-шарттың мерзімі 6 күннен кейін аяқталады, бірақ кеше беларусь жағы Ресей газын қазіргі 47 доллар бағасымен сатып алатынын мәлімдеген. “Газпром” Минскіден 1 мың текше метр газға одан 4 есе қымбат – 200 доллар төлеуді талап етіп отыр.