БАКУ: Әзірбайжандағы оппозициялық журналист Никат Хусаинов Бакуде таяққа жығылып, қазір ауруханада жатыр. Оппозициялық “Азадлық” газетінің тілшісі Әли Рзаның хабарлауынша, Н.Хусаиновты белгісіз 4 адам соққыға жығып кеткен және өзін де ұрып жықпақ болған. Әли Рзаның сөзіне қарағанда, Никаттың ішкі ағзасына зақым тиген. Үстіміздегі жылы осы газеттің тағы 2 журналисі соққыға жығылып, бірі қаза тапты.