БІШКЕК: Қырғызстанда елдің солтүстігіндегі жер сілкінісінің залалдары есептелу үстінде. Төтенше жағдайлар бойынша министрліктің хабарлауынша, қазірдің өзінде 6 мыңға жуық баспана-үйдің қирап, электр желілерінің үзіліп, телефон байланысына нұқсан келгені анықталды. Халықтың арасында қаза болғандар жоқ. Қуаты 6 балдан асатын зілзала дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні тіркелді. Жерасты қозғалысы Бішкекте де сезілді.