Ирақтың бұрынғы диктаторы 30 күннің ішінде өлім жазасына кесілуі мүмкін

БАҒДАД: С.Хусеин – 30 күннің ішінде өлім жазасына кесілуі мүмкін. Сейсенбі күні Ирақтың аппеляциялық соты “адамзатқа қарсы қылмыстар істеді” деген айыппен Ирақтың бұрынғы диктаторына шығарылған өлім жазасын күшінде қалдырды. АҚШ Ирақта заңның үстемдігін орнату үшін өте маңызды деп бағалап, соттың бұл өкімді мақұлдады. Адам құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар С.Хусеиннің ісін қараған сот әділ болмады деп мәлімдеп, өкімді іске асырмауға шақырды.