Кеше Түркменстанның оппозициялық тобы өткен сенбіден бері жоғалып кеткен жетекшілері Нұрберді Нұрмаммедов туралы дерек-ақпарат сұрастырған мәлімдеме жариялады. Нұрмаммедовты Түркменстанның біріккен демократиялық оппозициясы ақпандағы президент сайлауына өз кандидаттары ретінде атаған болатын. Ал басқа оппозициялық Республика және Ватан партиясының өкілдері сайлауға кандидат етіп, Орталық банктің бұрынғы басшысы Қудайберді Оразовты ұсынған. Билік болса бұл кандидаттардың ешқайсысын да үміткер етіп тіркемеген.