Аталған ұйым Әзірбайжанда оппозициялық журналистерге қарсы қимылдардың қайталана бергенінен қауіптенеді. ОБСЕ-нің Бакудегі өкілдігі жетекшісінің міндетін атқарушы Робин Сиуорд биылғы жылы мұнда журналистердің бірнеше мәрте соққыға жығылғанын атап өткен. ОБСЕ өкілдігінің басшысы Әзірбайжан билігін журналистерді қорғау шараларын қолға алып, олардың жұмыс істеу хұқтарына қол сұқпауға шақырды.