«Газпром» газдың бағасына байланысты Беларуспен келісім жасалмаса, көгілдір отын беру тоқтатылады деп Европаны ескертті

Ресейдің мемлекеттік «Газпром» компаниясының басшысы Алексей Миллер газдың жаңа бағасы турасында Беларуспен арадағы пікірталастар бір нәтиже бермесе, Европа тұтынушылары газ проблемасына тап болуы мүмкін деп атап көрсетті. Егер Беларус қаңтардың бірінен бастап, Ресей газының әрбір мың текше метріне 105 доллардан төлемейтін болса, газ тасымалын тоқтатамыз дейді «Газпром». Бұл Беларустың қазіргі төлеп отырған бағасынан екі есе қымбат.