Оларға мұндай мүмкіндік партиядан бас тартқандары жөнінде құжатқа қол қойған жағдайда беріледі. Баас партиясын тарату жөніндегі Жоғары ұлттық комиссияның директоры Әли әл-Лами бұл турасында Ассошайтед пресс агенттігіне берген сұхбатында айтқан. Осы айдың басында Ирақ премьер-министрі Нури әл-Малики Ирақ қарулы күштерінің қуылған мүшелерін ұлттық келісім шараларының бір көрінісі ретінде қайта қатарға тарту жөнінде айтқан болатын.