Саддам Хусейіннің адвокаты халықаралық қауымдастықты Ирақтың бұрынғы диктаторын өлім жазасынан арашалауға шақырды

Халил әл-Дулаими өз сөзінде Саддам Хусейін соғыс тұтқыны және халықаралық заңдарға сәйкес оны жауларының қолына беруге болмайды дейді. Осы аптада Ирақтың аппеляциялық соты 1982 жылы Дужаилда 148 шиитті өлтіріп, адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталған Саддамды өлім жазасына кесу туралы шығарылған үкімді күшінде қалдырған болатын.