Бағдадтың солтүстігінде кеше жанкешті жарған бомбадан 9 адам мерт болған

Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, жанкештілік бомба шабуылы Халис қаласындағы шииттер мешітінде орын алған. Мешіттегі жұма намазынан қайтып бара жатқан ондаған адам да түрлі жарақат алған.