Саддам Хусейінге шығарылған өлім жазасының орындалып, оның дарға асылып өлтірілгеніне әлемдік реакция түрліше болды

АҚШ президенті Дж.Буш Саддамның өлім жазасымен жазалануы әділ соттың шешімі деп атап өткен. Осыған ұқсас көзқарас-пікірлерді, демек қоштауды, Австралия, Британия, Израил және Иран білдірген. Ал Европа одағы мен Ватикан өлім жазасының орындалуына өздерінің қарсылықтарын бірнеше қайтара қайталап айтқан-ды. Араб лигасы елдері мен Ислам конференциясы ұйымы және Ресей, Үндістан, Ливия елдері өз алаңдаушылықтарын танытып, өлім жазасының жүзеге асырылғанына өкініш білдірді.