Қытай Қазақстандағы мұнай активтерін барған сайын ұлғайта түсуде

БЕЖИН: Қытайдың қысқаша “СИТИК” деп аталатын мұнай концерні Канаданың энергетикалық компаиясынан Қазақстанның батысындағы мұнай қорын игеру құқын 1.91 млрд. долларға сатып алды. Осы келісім-шарт бойынша Қытай концерні Маңғыстау өңіріндегі Қаражанбас мұнай қорын игеретін болады. Оның жалпы шикізат қоры 340 млн. баррельді құрайды және осы күні тәулігіне 50 мың баррель шикізат өндіреді.