БУХАРЕСТ-СОФИЯ: Бүкіл бүкіл әлем Жаңа жылды отшашуымен және жаппай серуендеумен қарсы алды, оның ішінде бүгін түн ортасында ресми түрде Еуропа Одағының мүшесі болып қабылданған Румыния мен Болгария Жаңа жылды әсіресе кең атап өтті. Бухаресттің орталығына жиналған халықты Румыния президенті Траян Басеску “...біз Еуропаға келіп қосылдық!” –деп құттықтады. Болгарияда халық Софияның орталық алаңына жиналып, отшашуды қызықтап, ұлттық әнұранды шырқады. Болгар президенті Георги Пырванов Еуроодаққа кірген күнді ұлт тарихындағы ең маңызды оқиғасының бірі деп бағалады.