Түркменстанда президент сайлауына дайындық науқаны басталып кетті

Елдің жоғары заң шығарушы органы - Халық кеңесі алты кандидатты президенттіктен үміткер етіп тіркеді. Олардың ішіндегі ең басты кандидат, мемлекеттің қазіргі уақытша басқарушысы Гурбангулы Бердімұхамедов. Сайлау 11-ақпанға белгіленген.