Ирақ үкіметі Хусейіннің дарға асылған сәтінің видеоға заңсыз түсірілуін тексеріп жатыр

Саддам Хусейіннің жазаға тартылып, өлтірілген сәті мобилді телефонның камерасына заңсыз түсірілген делінген факті тексерілуде. Билік өкілдері Саддам өмірінің соңғы минуттарында оның күзетшілерінің қайсысы жәбірлеушілік әрекеттерге барғанын анықтамақшы. Биліктен қуылған Ирақ диктаторын сот адамзатқа қарсы қылмыс жасаған деп танып, өлім жазасына кескен болатын. Үкім 30-желтоқсанда орындалды. Таяу шығыс аймағында суннит мұсылмандары қасиетті мереке Құрбан айттың алғашқы күні мұндай үкімнің жүзеге асырылғанына наразылықпен жаппай шерулер ұйымдастырды.