А.Меркель Еуропа Одағы мен АҚШ-ты жақындастыруға бар күшін салады

БЕРЛИН: Германияның федералдық канцлері Ангела Меркель Еуропа Одағы мен АҚШ-ты өзара жақын экономикалық ынтымақтастық орнатуға шақырады. 4-інші қаңтар күні Вашингтонға сапары алдында "The Financial Times" газетіне берген сұхбатында Меркель ханым Вашингтон мен Брюссель қаржы нарығының ережелері мен интеллектуалдық меншік туралы заңдарын жақындатуға тиіс деп атап көрсетті. Неміс канцлері “трансатлантикалық экономикалық әріптестігін қалыптастыруды” Германияның Еуроодаққа төрағалық ететін мерзімінің басты мақсаты етіп алатынын мәлімдеді.