Түрлі мәлімет бойынша, дүйсенбіде Ауғанстанда 10-нан 17-ге жуық тәліп жойылды

КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысында болып өткен шайқаста кем дегенде 10 тәліптің көзі жойылды. Ауған ішкі істер министрлігінің өкілі дад Мұхаммад Расаның хабарлауынша, бұл шайқас дүйсенбі күні НАТО-ның әуе күштерінің қолдауына сүйенген ауған полициясы тәліптердің бекінісіне шабуыл жасаған кезде болған. Басқа мәліметке қарағанда, 17 тәліп оққа ұшты. Гильменд облысында шамамен 4.5 мыңдық ағылшын әскері тұр.