Ард-Кумб діни мерекесіне кемінде 50 млн. үндіс қатысады

ДЕЛИ: Бүгін Үндістанның солтүстігіндегі Аллахабад қаласында 6 апта бойы жалғасатын Ард-Кумб діни мерекесі басталды. Ғибадат етуге келген 10-даған млн. үндіс Ганга, Ямуна және Сарасвати өзендерінің құйылатын жерінде кінәларын жуып-шаю үшін суға шомылды. Үнді полициясының өкілі Раджив Сабхарвалдың хабарлауынша, кем дегенде 50 млн. адам қатысатын осы діни мерекенің қауіпсіздігін қорғау үшін Аллахабадқа мыңнан асатын полиция қызметкері шоғырландырылды.