Пәкістан үкімет басшысы Шауқат Азиз бүгін Қабылға келді

Онда ол Ауған президенті Хамид Қарзаймен сөйлеспекші. Екі жақ қос мемлекетке ортақ шекарадағы қауіпсіздік жайын ақылдаспақшы. Өткен апталарда бұл елдер қарым-қатынасында теке-тірестердің болғаны белгілі. Қарулы жауынгерлерді әзірлеуде, деп Ауған президенті Хамид Қарзай Пәкістан үкіметін айыптаған болатын.