Президент Буш бүгін Ұлттық барлау директоры Джон Негропонтені Мемлекеттік хатшының орынбасарлығына тағайындайды деп күтілуде

АҚШ президенті Дж. Буш Ирақтағы жеңіс үшін делінген стратегияның бір бөлігі ретінде әскери қолбасшылар мен саяси жетекшілердің бірқатарын алмастырмақшы. Буш сондай-ақ Ауғанстан мен Ирақтағы әскерлердің жоғары әскери қолбасшыларын да өзгертеді деген сөз бар. Келесі аптада Буш Ирақ тұрғысындағы жаңарған стратегия бойынша сөз сөйлеп, жоспарын жарияламақшы.