Американың авиация қауіпсіздігі саласының мамандары Индонезияның осыдан алты күн бұрын жоғалып кеткен, бортында 102 жолаушы болған әуе лайнерін іздеуге көмекке келді. Индонезия барлық аймақты - жер бетін, теңіз сулары мен аралдарды түгел сүзіп шықса да, ұшақтың бір белгісі табылар емес. Ұшақ 1-қаңтар күні Ява аралынан Сулавесиге ұшып бара жатқанда радар экранынан көрінбей кеткен еді.