Иранның Ислам майданына қатысуы деп аталатын реформашыл партиясы ядролық дағдарысты одан сайын ушықтыра бермес үшін бұл саладағы саясатты қайта қарастыруды ұсынады. Мәлімдемеде Иранның халықаралық келіссөздерге қайта оралып, өзінің ядролық бағдарламасына қауымдастық сенімін оятып, көзін жеткізуі, қатерлі саясаттан бас тартуы керек делінген. БҰҰ-ың Қауіпсіздік кеңесі өткен айда Иранға уран байытудан бас тартпауына байланысты шектеулі санкциялар салу қарарын қабылдаған болатын.