Ирақта 50-ден аса адам құрбан болды

Бүгін Бағдадта орын алған екі жарылыстан 4 адам қаза тауып, 3 кісі жараланған. Сонымен қатар, Ирақ армиясы Бағдадта 30 соғысушыны өлтірді. Ирақ мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Хаифа көшесінің жанында орын алған қақтығыстан сондай-ақ 8 соғысушы қамауға алынған. Ал оның алдында осы аймақта полиция 27 адамның мәйіттерін тапқанын хабарлады. Сенбі күні Ирақ премьер-министрі Нури әл-Малики Бағдадта жаңа қауіпсіздік шарасын өткіземіз деп жариялаған болатын. Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Ирақтың солтүстігінде жүздеген суннит бұрынғы президент Саддам Хуссейннің өлтірілуіне наразылық танытып шеруге шықты. Сонымен қатар Ирақта тағы екі АҚШ сарбазы қаза тапты. Олардың біреуі сенбі күні Бағдадтың оңтүстік-батысында орын алған атыстан құрбан болды. Ал екіншісі жұма күні Анбар өлкесінде жарақат алып, көз жұмды.