Фатах тобын қолдайтын бірнеше ондаған мың шерушілер жексенбі күні Газа аймағында көшеге шықты

Олар осылайша Хамас үкіметіне өз күштерін көрсетті. Бірнеше аптадан бері екі жақ билік үшін күресуде. Газа аймағында Хамастың қауіпсіздік күштерін жайғастыруы заңсыз, деп бұдан бір күн бұрын прездент Махмуд Аббас жариялаған болатын. Хамас тобы болса, ол әрекеттерін одан әрі өрістететіндігін айтқан еді.