Алматыдағы Алмалы аудандық сотында «Бутя-Каптал» жекешелендіру қоры басшыларының үстінен былтырғы жылы желтоқсанның 4-інде басталған сот ісі 10-шы қаңтарда одан әрі жалғасты. Бұл отырыста сот айыпталушылардың берген бірнеше өтініштерін қанағаттандыруға негіз жоқ деп тауып, келесі отырысын қаңтардың 29-ына белгіледі.
«Бутя-Капитал» жекешелендіру қорының басшылары Болат Әбілов, Бауыржан Қарабеков және Уәлихан Бекбосынның үстінен Алматыда өтіп жатқан сот ісінде 10-шы қаңтарда жаңа прокурор, полковник шеніндегі Александр Кирияк қосылды. Алайда оған айыпталушы жақ, Кирияк мырзаның сот ісін қадағалаушы болғандығын алға тартып, «сондықтан ол бейтараптық таныта алмайды» деп, қарсылық білдіріп өтініш жазған еді, алайда сот төрайымы ол өтінішті қанағаттандырмай тастады. Соттағы екінші елеулі өзгешелік - сәрсенбі күнгі отырысқа үш бірдей тәржімашының қатысуы болды. Бірақ олар өз айтуыларынша «орысша-қазақшаны жақсы меңгергенбіз» дегені болмаса, ешқайсының арнайы білімі жоқ болып шықты. Оған наразы болған айыпталушы жақтың уәжін Бауыржан Қарабеков былай деп негіздеген еді:
- Бізге бәрін көрсетіп отырып, мұқият қадағалап отырып, қаржылық жағынан және хұқықтық жағынан тәжірибесі бар, осындай істерге қатысқан маман аудармашылар керек және айыптаушылар да сондай болса.
Бірақ сот төрайымы бұл өтінішті де қанағаттандыруға негіз жоқ деп тапты. Одан соң айыпталушы жақтың жақында ғана тағайындалған жақтаушылары сот ісімен толық танысуға тағы да уақыт қажеттігін алға тартып көріп еді, сот төрайымы бұл өтінішті де қанағаттандырмай тастады.
Сот төрайымының мұндай әрекетіне наразы болған айыпталушы жақ Алмалы аудандық сот төрағасы Сейітовке шағымданып, сот төрайымы Гүлнар Исаканованы ауыстыруды өтінді. Айыпталушы жақ жақтаушыларының бірі Мұстахим Төлеев мұндай шешімге баруының себебін 10 тармақпен негіздейді. Ол тармақтар жоғарыдағы қанағаттандырылмаған өтініштермен қатар, сот ісі барысында орын алған басқа да жағдайларды қамтып отыр дейді Төлеев мырза.
«Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 325-ші бабының талаптарына сәйкес, сот төрайымы Исаханова ханым, қылмыстық істер жүргізу кодексінің талаптарын өрескел бұзып, біздің ресми түрде келтірген өтініштерімізді кеңесу бөлмесіне оңаша бармай-ақ, сол мәжіліс залында шешті. Ол - заңға қайшы. Менің қорғауымдағы Қарабеков мырзаға кезінде заңсыз бұлтартпау бас шарасы ретінде үйде қамау шешімі қабылданған. Бірақ та екі айлық мерзімінен кейін, ол уақыт, заңда қарастырылған ережелер мен тәртіп бойынша созылмаған. Сол мәселені көрсеттік. Сондықтан бұлтартпау бас шарасы заңсыз деп танылу керек деп өтініш қойғанбыз», - деді адвокат М.Төлеев.
Алайда аудандық сот төрағасына жазылған өтінішті Шпекбаева деген сот қарап, екі жақтың да уәждарымен танысып, ұзақ уақыт кеңесуден соң айыпталушылардың бұл өтініштерін де қанағаттандыруға негіз жоқ деген шешімін жариялады. Демек сот төрайымы бұрынғы болып қала бермек. Бірақ, көп уақыт сот залына келмеген сот төрайымы көмекші хатшысы арқылы соттың келесі отырысы қаңтардың 29-ына деп бекіткенін жеткізді.