Орта Азияның бай тарихы, мәдениеті мен оның халқы, табиғаты - Британияда жаңадан шыға бастаған журналдың негізгі тақырыптары. Жылына екі рет шығатын, “Дала” деп аталатын бұл басылым британ журналисі Люси Килаарттың шығармашылық бір табысы.
Британ журналисі Люси Килаарт Орта Азияны бір жыл көлемінде атқа және түйге мініп аралап шыққан болатын. Оның барысында түйген ойлары мен алған әсерлері мол болды. Енді міне бұл өңір жөнінде жаңа журнал шығаруға бел байлады. Журнал жыл сайын сәуір және қазан айларында жарық көріп тұрмақшы.
«Азаттық» радиосына берген сұхбатында “Дала” журналын шығару идеясын көтерген журналист Килаарт былай деді:
“Мен алғаш рет Орта Азияға бұдан 7 жыл бұрын барған едім. Атпен аралай жүріп, бұл аймақты жанымдай сүйіп қалдым. Дей тұрғанмен, бұл мекен жөнінде өзімнің аз білетіндігімді байқадым да, кейінірек онда қайта оралдым. Орта Азия тарихын зерттеу жөнінде шұғыл шешіге келдім де, орыс тілін үйрену үшін Қазақстанға қайтып бардым. Сондағы түйген ойым - бұл аймаққа жақсырақ маркетинг керек екендігі еді. Оқымыстылар үшін емес, әуесқойлар үшін Орта Азия жөнінде қызықты ақпараттар табу оңай емес”, дейді журналист Килаарт.
Журналды қаржыландыру сауалында қос бірдей мұнай компаниясы көмекке келді. Оның бірі - Шел мұнай компаниясы, екіншісі - Қаражамбас Қазақ мұнай компаниясы еді. Дей тұрғанмен, “Дала” деп атаған бұл журналымыз өзінің шығармашылық тәуелсіздігін сақтайтын болады, дейді журналист.
İскер адамдар мен саяхатшылар үшін ғана емес, Орта Азияда ешқашан болып көрмегендер үшін де бұл журнал зор қызығушылық туғызуда. Басылымның екінші нөмірінен бастап-ақ аталған аймақтан авторларды көптеп тартуға олар күш салуда. Бірінші басылымға аталған аймақ фото суретшілерінің шығармалары көбірек пайдаланылған болатын.
Саясат пен экономикаға “Даланың” бетінде аз орын берілмекші. Себебі, бұл тақырыптарға өзге де басылымдар бетінде, онсыз да жеткілкті дәрежеде орын беріліп келеді, дейді Килаарт. Сондықтан, журнал бетінде мәдениет тақырыбына көп орын берілмекші. Журналдың қамту аймағына Қытайдағы Шыңжаң да еніп отыр. Қытай Түркістаны деп аталатын бұл аймақ тұрғындары этникалық ұйғырлар негізінен өзбектерге ұқсас, дейді журналист. Географиялық жағынан Орталық Азияға әбден-ақ кірігіп тұрғандықтан біз үшін бұл өңір адамдарға азырақ таныс әлемнің бір бөлігіндей көрінеді, дейді “Дала” журналының ауторы Килаарт.
Ұйғыр мәдениеті мен тарихына көп көңіл бөлгендіктен де, журнал үшін бұл аймақтан арнайы материалдар алуда қиындықтар туындаған жоқ па? деген сауалға журналист, әзірге ондай проблеманың жоқ екендігін және болашақта да ондай кедергіні күтпейтіндігін жеткізді. Ауған елі де журналдың қамтитын аймағына еніп отыр. Орта Азия тарихы мен мәдениеті сан-алуан және бай болғандықтан да журнал өзіне қажетті материалдарды жинақтаудан тапшылық көрмейтін болады, дейді Килаарт ханым. “Дала” журналы сонымен Орта Азиядағы кітап дүкендері мен қонақүйлер дүкендерінде сатылуда, дейді журналист.