Ирақ және Ауғанстандағы соғыстар кезінде АҚШ-тық әскерилер тарапынан тұтқындарға жасалған зорлық-зомбылық, күш көрсету әрекеттері кесірінен Буш басқаратын АҚШ әкімшілігінің халықаралық деңгейдегі абырой беделі айтарлықтай төмендей түскен.
Бұл жөнінде Халықаралық Адам құқықтары ұйымы Хьюман Райтс Уачтың 2007-жылғы әлемдік баяндамасында келтіріліпті. Ал бұл арада, Куба маңайындағы Гуантанамо бұғазындағы түрмеге АҚШ бастаған одақтас күштердің соғыс ошағынан тұтқындардың алып келе бастағанына 5 жыл толып отыр.
Зорлық-зомбылық, қуғындау, қорқытып үркіту, күш көрсету. Мұның бәрі саяси белсенділер, диссиденттер, тәуелсіз журналистер, жалпы шындық-ақиқат, әділет іздеушілердің басынан жи өткізетін жағдай. Мұны Адам құқықтарының халықаралық ұйымы Хьюман Райтс Уач өз жылдық баяндамасында жүйелі түрде көрсетіп келеді.
АҚШ-тық бұл бейүкіметтік ұйым ол жөнінде өзінің 600 беттік баяндамасында Ауғанстаннан Зимбабвеге дейінгі елдердегі жағдай негізінде соңғы дерек-мәліметтермен кеңінен суреттейді.
Ұйымның 2007-жылғы баяндамасында Солтүстік Корея, Мьянмар, яғни Бирма және Түркіменстан әлемдегі ең қатаңқолды режим жүргізілетін елдер қатарында аталыпты. Ал Қытай, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Иран адам құқықтарының аяққа тапталуы және тәуелсіз ақпараттық құралдарға жасалған шабуылдарына байланысты қатты сынға алыныпты.
Дегенмен, биылғы баяндамада АҚШ-тық адам құқығы жөніндегі кісі шошырлық тірліктер ерекше аталып көрсетіліпті.
Адам құқықтары ұйымының дерегіне қарағанда, президент Буштың терроршылыққа қарсы күрес саясатынан АҚШ-тың адам құқы жөніндегі абырой-беделіне үлкен нұқсан келген.
Атап айтқанда АҚШ-тың Гуантанамодағы түрмесінде Ауған, Ирақ соғысында күдік астына алынып соттамастан қамалған азаматтарға дұшпан жауынгер деген айдар тағылып, азапталған. Бұл Уашингтон әкімшілігінің рухани төмендеуін көрсетеді, делінген Адам құқықтары ұйымы мәліметінде.
Бұл орайда Хьюман Райтс Уач ұйымының атқарушы директоры Кеннет Рот «Азаттық» тілшісіне былай деді:
- Хьюман Райтс Уач Гуантанамоның 5 жылдығын өзінің кезекті баяндамасына негіз етіп алып отыр. Себебі, бұл түрмедегі жағдай АҚШ-тық әкімшіліктің адам құқығы мәселесінде дағдарысқа кезіккендігін көрсетеді. Әдетте біз АҚШ-ты ең кемінде адам құқықтары мәселесінде алғы шепте деп есептейтінбіз. Бірақ Гуантанамодағы тұтқындардың ауыр жағдайы және Буш әкімшілігінің күдікті азаматтарды ешқандай соттаусыз терроршы деп тұтқында ұстап азаптауы АҚШ-тың адам құқы жөніндегі атақ-абыройын әлем алдында жоқ еткендей болды. Енді ол міндетті кім өз жауапкершілігіне алмақ?
Сонда енді адам құқығын Ресей немесе Қытай қорғамақ па? деген сауалға Кеннет Рот:
- Бір қызығы, Ресей өз беделін күшейту үшін, әсіресе Орта Азиядағы бұрынғы советтік елдердің диктатор жетекшілерін өз құшағына ала бастады. Ал Қытай болса адам құқығы мәселесін шетке сырып қойып, дамып келе жатқан өз экономикасы үшін әлем елдерінен қор жинақтауға кірісті. Ал ендігі үміт 27 мүшелі демокртиялық Еуропа одағында қалып отыр. Бірақ бұл ұйымның да шамасы белгілі ғой. Оған ЕуроОдақтың сыртқы саясатының әлсіздігі кінәлі, - деп жауап берді.
Жалпы ЕуроОдақтың 27 елі адам құқықтары мәселесінде кез-келген тірлікке вето жариялай алады. Сондай-ақ, әр ел жетекшілігі өзінің алты айлық президенттік кезекшілігі кезінде өз қалауынша іс тұта алады. Бірақ сондай ауыспалы кезекшілік адам құқықтары саясатын тұрақты жүргізу ісін қиындатады, дейді Рот.
Рот бұл орайда бейүкіметтік ұйымдарды қудалап жатқан Ресей президенті Путинге сөзін өткізе алмай отырған Германия канцлері Меркелді сынайды. Сондай-ақ тағы да сол Меркел ханым Әндіжандағы көтерілісте бірнеше жүздеген адамды қырып салған Өзбекстан басшысы Кәрімовты қысымға алудың орнына оның газы үшін, тіпті Одақ жариялаған санкцияның өзін жеңілдетіп берді емес пе ме дегенді айтты.
Ал адам құқықтары ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директор орынбасары Рейчел Денбер Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы адам құқы жағдайы жөнінде былай дейді:
- Соңғы 15 айда Өзбекстандағы репрессия, қуғындаудан қашқан жүздеген адам өзге елдерден баспана өтінді. Олардың көбі көршілес Қырғыз еліне қашты. Бірақ адам құқықтары ұйымы, халықаралық қауымдастықтың өтінішіне қарамастан Қырғызстан Әндіжандағы көтеріліске қатысқан деген айып тағылған олардың бесеуін Өзбекстанға кері қайтарды. Ал олар Қырғыз абақтысында бір жарым жыл отырып, Қырғыз үкіметіне өздерінің кінәсіз екендігін дәлелдей алмады. Ақыр соңында Қырғыз ресмилері оларды Өзбекстандық заң орындарына берді, - дейді Денбер.
Оның айтуынша, Түркіменстан бүкіл әлемдегі ең репрессивті және жабық мемлекет екен.