АҚШ әкімшілігі Иран мен Сирияға қарсы әскери қимыл дайындап жатқан жоқпыз, ешқандай әскери жоспарымыз жоқ деп мәлімдеді. АҚШ президенті Джордж Буш мұның алдында айтқан сөзінде Иран мен Сирия Ирақта көтерілісшілерге қолдау танытады, бұл қимылдарын тоқтатсын деп ескерткен болатын. Ақ үй өкілі Тонни Сноу Буштың сөзінде ешқандай астар жоқ, соғысқа дайындық жүріп жатыр деген ешқандай мағына жоқ деді.